Бангкокта пойыз бен автобус соқтығысып, 8 адам қаза тапты: 32 жараланды

Тайланд астанасы Бангкокта жол апатынан 8 адам көз жұмды. Пойыз бен автобус соқтығысып, тағы 32 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға қала маңындағы теміржол өткелінде болған. Автобус жолаушыларға толы болған. Жергілікті билік қаза тапқандардың жеке басын анықтау үшін сараптама жүргізіп жатыр.

Жараланғандар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Полиция апаттың себебін тергеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.