Categories Жайық news

Дәрігер тағайындаған диета: Қытай ауруханалары үйге тамақ жеткізуді қолға алды

Қытайдың ірі ауруханалары денсаулығына мән беретін жандар үшін пайдалы ас пен сусын жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Арнайы мәзірде салмақ тастағысы келетіндерге арналған калориясы аз тағамдар, бала емізетін және жаңа босанған әйелдерге арналған ас түрлері, сондай-ақ дәстүрлі қытай медицинасы негізінде дайындалған өнімдер қарастырылған.

«Мәзірді кәсіби диетологтар клиникалық тәжірибе мен әртүрлі топтағы адамдардың физиологиялық қажеттіліктерін ескере отырып жасайды», – дейді медицина мамандары.

Тағамға танымал жеткізу сервистері немесе ауруханалардың жеке онлайн-платформалары арқылы тапсырыс беруге болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…