Categories Жайық news

2026 жылы теңге не болады? Сарапшы болжамы көңіл көншітпейді

Белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетов 2026 жылы теңге бағамының қандай болатынын болжау мүмкін емес деп санайды, өйткені оның құбылуына бірнеше маңызды фактор тікелей ықпал етеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сарапшының сөзінше, негізгі факторлар – мұнай бағасы, базалық мөлшерлеме деңгейі және шетелдік инвесторлардың әрекеті. Мәселен, базалық мөлшерлеме жоғары (шамамен 18%) болған кезде шетелдік инвесторлар теңгелік құралдарға қызығушылық танытып, елге валюта ағынын қамтамасыз етеді.

Ал мөлшерлеме төмендесе, керісінше, капиталдың сыртқа кету қаупі артады. Бұдан бөлек, теңге бағамына экспортқа төнетін қауіп-қатерлер де әсер етуі мүмкін. Оның ішінде мұнай инфрақұрылымы мен танкерлерге жасалуы ықтимал шабуылдар да бар.

«Қазақстанның кез келген күрделі жағдайға төтеп беретін қоры бар. Дегенмен бағам шартты түрде еркін өзгеріп отырады, сондықтан одан тұрақтылық күтудің қажеті жоқ», – деп түйіндеді Ұлттық талдау орталығының басқарма төрағасы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…