Categories Жайық news

Ақордада кадрлық өзгеріс: Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Айбек Болатбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», – делінген ресми хабарламада.

Айбек Смадияров бұл қызметке келгенге дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі болған. Ол бұл лауазымда 2022 жылдан бері қызмет етіп келді.

Еске сала кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы қызметін Берік Уәли атқарған еді. Ол жақында «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып тағайындалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.