Жуалыойда жаңа футбол алаңы ашылды

Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округінің Жуалыой елді мекенінде жаңа футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жоба аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Мердігері – «ПромстройЭнерджи» ЖШС.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, орынбасары Руслан Ғұмар, аудандық мәслихат депутаты Марс Жұмалиев, Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Сәдуақас Ғұбашев, тиісті бөлім басшысы Абат Ишанов және ауыл тұрғындары қатысты.
Алпамыс Жаңабайұлы тұрғындарды жаңа спорттық нысанның іске қосылуымен құттықтап, бұл футбол алаңының 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай пайдалануға берілгенін және балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, спортқа баулуға зор мүмкіндік екенін атап өтті. Алаң ауыл жастары мен тұрғындарының спортпен шұғылдануына мүмкіндік беріп, бұқаралық спортты дамытуға серпін береді. Сонымен бірге мердігер тарапынан қатар салынып берген шағын балалар ойын алаңында да балаларды қуанышқа бөлеуде.
Жиын соңында Х.Нұрымғалиев атындағы ЖОББМ-нің 5 жылдық түлектерінің ұйымдастыруымен ауыл жастары арасында алғашқы шағын футбол турнирі өткізілді.

Сыйлыхан ТАЛАПҰЛЫ

Ұқсас жазбалар

Мамырда қанша күн демаламыз? Мереке күндерінің тізімі

Мамыр айында қазақстандықтар 5 рет қосымша демалады: Бірлік күні, Отан қорғаушы күні, Жеңіс күні және…

1 мамырда Қазақстанда ауа 32 градусқа дейін жылиды: өңірлер бойынша болжам

1 мамырда Қазақстанда ауа 32 градусқа дейін жылиды. «Қазгидромет» өңірлер бойынша нақты болжам жариялады.

Тоқаев халықты Бірлік күнімен құттықтады: «Татулық – ең басты құндылық»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтап, татулық пен ынтымақтың маңызын атап өтті.