Categories Жайық news

Алатаудан Алматыға 10 минутта жетуге болады: Қазақстанда әуе таксилері қашан ұшады?

Жаңа Алатау қаласынан Алматыға әуе таксиімен небәрі 10-15 минутта жетуге болады, бұл жаңашылдық екі қала арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Парламенттің бірлескен отырысында мәлімдеді. «Алатау туралы» конституциялық заң жобасын талқылау кезінде ол қалада дамытылатын негізгі бағыттардың бірі – шағын биіктіктегі экономика болатынын атап өтті.

«Алатау Қытайдан тыс жерде әуе таксиі немесе дрондарды 120 метрден астам биіктікте ұзақ қашықтыққа сынақтан өткізуге болатын алғашқы орынға айналады. Мұндай жоба әзірге тек Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ғана іске асырылған. Біз бұл жұмысты биыл бастаймыз деп үміттенеміз. Қазірдің өзінде келіссөздер жүргізіп, осы саладағы көшбасшылардың бірі – АҚШ-тың Joby Aero компаниясымен және қытайлық AutoFlight компаниясымен бірқатар құжатқа қол қойдық. Joby Aero компаниясының әуе таксилеріне 15 жылға кезекке тұрғандар бар», – деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанда Алатау, Қонаев, Алматының бірнеше нүктесі мен туристік орындарды байланыстыратын квадропорттар салынады. Енді туристер әуе таксиімен Медеуге, тау кластерінің кез келген нүктесіне және Қапшағай жағалауына оңай жете алады.

«Бұл бағыт жылына шамамен 8 миллион турист тартады деп болжап отырмыз. Бұл – өте үлкен айналым, біз осы әлеуетті пайдалануымыз керек. Ойлап көріңізші, бұл әуе таксилері сағатына 300-350 шақырым жылдамдықпен ұшады. Алдағы екі-үш жылда алғашқы кезеңде Алматы облысы, Алатау және Алматы арасындағы қатынас арнайы бөлінген маршруттар арқылы әуеде 10-15 минутты алады. Бұл – ұшқышсыз авиация», – деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Бірлік күніне орай үндеу жасады: «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтап, «Әралуандықтағы бірлік» формуласы мемлекеттік саясаттың негізі екенін атап…

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…