Categories Жайық news

Елдегі ең танымал бензин қымбаттап жатыр: Мораторий неге АИ-95-ке әсер етпеді?

Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасына мораторий енгізілгенімен, жүргізушілердің көбі қолданатын АИ-95 маркалы жанармай құны шарықтап барады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Соңғы бір жылда елімізде бензин бағасы орта есеппен 16%-ға өскен. Үкімет АИ-92 бағасын 2023 жылдың қазанында тұрақтандырғанымен, шектеуге ілінбеген АИ-95 маркасының бір литрі 35-40 теңгеге дейін қымбаттап үлгерді.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі заманауи көліктердің көбіне дәл осы АИ-95 жанармайы қажет. Желтоқсан айындағы мәлімет бойынша, АИ-92-нің орташа бағасы 235 теңге болса, АИ-95 үшін жүргізушілер 298 теңге төлеген.

Энергетика министрлігі Қазақстандағы жанармай бағасы әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда әлі де арзан екенін, бірақ бағаның әрі қарай өсуі мүмкін екенін ескертеді.

Осыған байланысты автосарапшылар үкіметтік мораторийді халық көп тұтынатын АИ-95 бензиніне де қолдану қажет деп санайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.