Categories Спорт

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА КЕМЕ ҮЛГІЛЕРІН ЖАСАУ СПОРТЫНАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТІП ЖАТЫР

Оралда техникалық спорт түрлерінің бірі — кеме үлгілерін жасау бойынша Қазақстан Республикасының XXV чемпионаты өтуде. Биыл бұл дода өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

23-30 маусым күндері өтетін жарысқа Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облысынан келген 60-қа жуық спортшы қатысуда. Жарыс барысында қатысушылар түрлі үлгідегі кеме макеттерін жасап, жылдамдық пен дәлдік, техникалық күрделілік бойынша сынға түседі. Жарыс дүниежүзілік NAVIGA ережесіме бекітілген 24 клас бойынша оздырылады.

«БҚО Кеме үлгілерін жасау спорты федерациясы» қоғамдық бірлестігі 2015 жылы 27 қарашада облыстық спорт басқармасының қолдауымен ашылған болатын. Федерация облыстық жарыстар өткізіп, құрама команда республикалық жарыстарда топ жарып келеді.

 

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда UWW таныған Күрес академиясын ашу жоспарлануда

Қазақстанға ресми сапармен Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының президенті Ненад Лалович және UWW Asia ұйымының…

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді  

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан)…

Алғашқы күнді жеңіспен аяқтады

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен…