Categories Жайық news

«Қайда қашсаң да табамыз»: АҚШ Сириядағы лаңкестерден сарбаздары үшін кек алды

АҚШ пен оның одақтастары Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ДАИШ) лаңкестік тобының нысандарына ауқымды әуе соққыларын жасады. Бұл шабуыл желтоқсан айында қаза тапқан америкалық әскерилер үшін кек алу мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

АҚШ Қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы (Centcom) таратқан мәлімет бойынша, соққы жасау туралы бұйрықты 10 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп берген. Әскери операция «Қаршыға соққысы» (Hawkeye strike) деп аталды.

Бұл шабуыл 13 желтоқсанда ДАИШ содырларының Сириядағы америкалық әскери қызметшілерге жасаған шабуылына жауап ретінде жасалған. Қолбасшылықтың мәлімдеуінше, операцияның басты мақсаты – терроризммен күресу және аймақтағы америкалық және одақтас күштерді қорғау.

«Біздің ескертуіміз қатаң: егер сарбаздарымызға зиян келтірсеңдер, жазадан қалай жалтаруға тырыссаңдар да, сендерді әлемнің кез келген нүктесінен тауып, көздеріңді жоямыз», – делінген Centcom хабарламасында.

БАҚ мәліметінше, операция кезінде АҚШ пен оның серіктестері 20-дан астам ұшақты жұмылдырып, 35-тен астам нысанға 90-нан астам дәлдігі жоғары оқ-дәрі қолданған. Соққы жасалған нақты аудандар мен құрбандар саны әзірге белгісіз.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Елордадағы зәулім үй өртенді: 15-қабаттан үш баланың денесі табылды

Астананың Есіл ауданындағы көпқабатты үйде өрт болып, үш бала қаза тапты. Тағы бір әйел күйікпен…

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…