Categories Саясат

Батыс Қазақстан облысында ауылдарды сумен жабдықтау мәселесі қаралды  

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде барлық ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен толық қамтамасыз ету мәселесіне арналған жиын өтті.

Жиын барысында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нүркен Молдашев облыс көлемінде атқарылып жатқан ауыз су жобалары туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, 2024 жылдың басында облыстағы 307 елді мекен таза ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткіш өңір халқының 97%-ын құрайды. Биылғы жылы 35 мыңнан астам тұрғыны бар 20 ауылға су құбыры тартылып, бұл мақсатқа 5,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, шамамен 1 мың тұрғыны бар 12 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылды.

Алдағы 2025 жылы тағы 15 ауылдық елді мекенді (4 мың адам) сапалы ауыз сумен қамтуды көздейтін 14 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұған қоса, жергілікті бюджет есебінен 40 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылады.

Жиында аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ құрылысқа жауапты мердігер ұйымдардың өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндап, туындаған мәселелерді талқылады.

Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй су тарту жобаларының сапасы мен уақтылы орындалуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстардың үнемі бақылауда болатынын жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Жаңа Конституция: Қазақстанның саяси жүйесі қалай өзгереді?

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция елдің саяси жүйесінде ауқымды өзгерістер әкелетінін айтты.

Аида Балаева: Көші-қон саясаты енді экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналады

Аида Балаева көші-қон саясатының жаңа бағыттарын түсіндірді: енді ол экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналады. Шетелден…

Трамп Ұлттық ғылыми кеңесті таратып жіберді: мүшелер қызметінен босатылды

Трамп әкімшілігі Ұлттық ғылым қорын бақылайтын тәуелсіз кеңес мүшелерін қызметінен босатты.