Categories Жайық news

Орал қаласының әкімі Круглоозерный кенті тұрғындарымен кездесті

Орал қаласының әкімі Круглоозерный кенті тұрғындарымен кездесті,- деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов Круглоозерный кенті тұрғындарымен ашық форматта кездесті. Шара барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесуде тұрғындар жолдарды жөндеу, спорт кешенінің құрылысы, иесіз иттер мәселесі, жаңа берілген жер учаскелерін газбен қамту, абаттандыру және ағаштарды санитарлық кесу сынды өзекті тақырыптарды қозғады.

Қала және кент әкімдері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Мұрат Байменовтың айтуынша, алдағы уақытта Круглоозерный кентінде жол жөндеу және абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасады. Сондай-ақ спорт кешенінің құрылысын жеке инвесторлардың қолдауымен бастау көзделіп отыр.

Қазір кентте 250 орындық Мәдениет үйінің құрылысы жеке инвестиция есебінен жүріп жатыр. Нысанды алдағы жылы пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар биыл «Алсиеуов» жеке кәсіпкерлігі авторлық жоба бойынша Атамекен шағынауданында «Мәдени ұлттық алаң» салып, пайдалануға тапсырды.

Круглоозерный мен Серебряков ауылдарында балалар ойын алаңдарын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін Круглоозерный кентіндегі Мәдениет үйі мен ұлттық саябақ аумағына өрнектас төсеу, ал Серебряков ауылындағы Жеңіс көшесіне асфальт төсеу жұмыстары аяқталады.

2026 жылы Еңбекші, Мамыр, Думан көшелеріне, сондай-ақ Серебряков ауылындағы Шырайлы көшесіне асфальт төсеу жоспарланып отыр.

Бұл жобалар Круглоозерный кенті мен оған қарасты ауылдардың инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Кездесу соңында қала әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Ұқсас жазбалар

«Тамырымыз бір»: Тоқаев Моңғолия президентімен Астанада маңызды келіссөз өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Астанада келіссөз жүргізіп, стратегиялық серіктестік мәселесін талқылады.

Қазақстанда мүгедектер арбасы мен протездерді тарату ережесі өзгереді: Енді олар жалға беріледі

Қазақстанда мүгедектер арбасы мен протездерді беру тәртібі өзгереді. Еңбек министрлігі оңалту құралдарын енді біржола емес,…

Алматы Мұхтар Шахановпен қоштасып жатыр: Ақын Арыстан баб кесенесінің жанына жерленеді

Алматыда көрнекті ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Марқұмның денесі Түркістан…