Categories Жайық news

Доллар 1500 теңгеге жете ме? Сүлейменов соңғы нүктені қойды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамы 1500 теңгеге дейін шарықтауы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл болжамның ешқандай негізі жоқ және ең консервативті есептеулерде де мұндай көрсеткіш қарастырылмаған.

«Бұл – мүлдем қате көрсеткіш. Біздің ең консервативті, тіпті ең радикалды болжамдарымызда да мұндай сан жақын да жоқ. Қазіргі бағам – қалыпты, теңгерімді. Егер Үкіметпен бірлесіп, сауатты макроэкономикалық саясатты жалғастырсақ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты салалық саясаттар аясында дұрыс шешімдер қабылдасақ, яғни өзімізді барлық өнім түрімен қамтамасыз ете алсақ, онда бағам мен инфляция мәселелерінің өзектілігі әлдеқайда төмендейді. Сондықтан алда атқаратын жұмысымыз көп. Ал 1500 теңге туралы сұрамай-ақ қойыңыздар», – деді Тимур Сүлейменов.

Осылайша Ұлттық банк басшысы елдегі макроэкономикалық саясат дұрыс жүргізілсе, теңге бағамының тұрақты болатынына сенім білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік  

Батыс Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға қатысты заң талаптарын кеңінен түсіндіруде. Бұл мәселе…

«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік…

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.