Жақында қазақ қыздарына тіл тигізіп, елдің ашуын тудырған екі шетелдік блогер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Бұған дейін полиция оларды ұсақ бұзақылық үшін 15 тәулікке қамауға алған болатын. Алайда бұл істің нүктесі емес екені белгілі болды.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев шетелдіктерге қатысты анағұрлым ауыр бап бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің 174-бабы, яғни ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша тергеуді бастап кеткенін айта аламын.
Бұл бап бойынша айыпты деп танылғандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, екі шетелдік азамат стрим кезінде қазақстандық қыздардың намысына тиетін сөздер айтып, видеосы әлеуметтік желіде тез тарап кеткен еді.
Фото: Әлеуметтік желіден

