Categories Жайық news

15 млн оқырманын алдаған ба? Танымал блогерлер Жанабыловтар үйқамаққа алынды

Белгілі блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты тергеу аяқталды. Ерлі-зайыптыларға заңсыз бизнес жүргізді және ақша жымқырды деген айып тағылып, сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар Instagram желісіндегі 15 миллионнан астам оқырманының сенімін пайдаланып, заңсыз табыс тапқан. Олар онлайн-курс сатуды желеу етіп, іс жүзінде қымбат көліктер мен ақшалай сыйлықтар ойнатылатын лотерея ұйымдастырған.

«Тергеу барысында курстардың шынайы білім беретін құндылығы болмағаны анықталды. Бейнесабақтардың бір бөлігі YouTube сияқты ашық дереккөздерден алынған және заңсыз лотереяны жасыру үшін ғана қолданылған. Сыйлықтар блогерлердің жеке қаражатынан емес, қатысушылардың өз ақшасынан төленген. Сондай-ақ, электронды „сәттілік барабаны“ көбіне 5 000 теңгелік ұтыс түсетіндей етіп бапталғаны, ал қымбат сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігі әдейі төмендетілгені белгілі болды», — деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Бұдан бөлек, блогерлер парақшасының қамтылымын арттыру үшін ең көп репост жасаған қатысушыға 11-ші көлікті сыйлауға уәде берген. Алайда жеңімпаз анықталмай, көлік ешкімге берілмеген.

Нәтижесінде олардың бақылауындағы «Zhana Business» ЖШС шотына 247,5 млн теңге түскен. Оның 60 млн теңгесі депозиттерге орналастырылған.

Сот шешімімен Lamborghini Urus және Lexus LX 600 секілді 10 көлік пен 17 iPhone телефонына тыйым салынды.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы таңдалды. Олар іс материалдарымен танысып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…