Categories Спорт

Франция құрамасы Сенегалды 3:1 есебімен жеңді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы Франция мен Сенегал құрамалары алғашқы ойынын өткізді. Бұл кездесуде 3:1 есебімен Франция командасы айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өткен ойынның алғашқы таймында ешкім гол соға алмады. Екінші таймның 66-шы минутында Мбапе есеп ашты, содан кейін француз командасының ойыны жанданды. Франция сапынан алаңға тыңнан қосылған Баркола есепті 2:0 жеткізді. Сенегалдықтар қосымша уақытта Мбайенің әдемі голымен жауап қайтарды. Кездесу аяқталуға екі минут қалғанда Мбапе дубль жасап, Франция құрамасын сенімді түрде алға шығарды. Қорытынды есеп 3:1.

Енді Франция екінші ойынын Иракпен (23 маусым), ал үшінші турда Норвегиямен (26 маусым) өткізеді. Сенегал құрамасы екінші турда Норвегиямен (23 маусым), үшінші турда Иракпен (26 маусым) кездеседі. Топтық кезең 11–27 маусым аралығында өтеді. Командалар бір-бірімен айналым жүйесі бойынша ойнайды (әрқайсысы үш матчтан өткізеді). Плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі құрама, сондай-ақ өз топтарында үшінші орын алған командалардың ішіндегі ең үздік сегіз құрама жолдама алады.

Ұқсас жазбалар

Дастан Сатпаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойынында дубль жасады

«Қайрат» өз алаңында «Қызылжарды» 3:0 есебімен жеңді. Дастан Сатпаев соңғы ойынында дубль жасап, «Челсиге» ауысады.

Футбол жанкүйерлеріне ұйқысыз түн: бүгін үш ойын өтеді

Бүгін түнде әлем чемпионатының топтық кезеңінде үш кездесу өтеді.

Бернарду Силва «Реал Мадридке» ресми түрде ауысты

Мадридтік «Реал» португалиялық жартылай қорғаушы Бернарду Силвамен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады.