«Жындыханаға жапқан» Ақтөбелік бойжеткен анасына араша сұрайды

Ақтөбеде 18 жастағы Құралай төрт кәмелетке толмаған бауырымен бірге қиын жағдайға тап болды. Қыздың айтуынша, аналары Жұлдызды мүлікке таласқан нағашы әпкесі психиатриялық орталыққа жатқызып жіберген.

Қазір Жұлдыз Алматыдағы психологиялық сауықтыру орталығында. Дәрігерлер оның диагнозының қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп жатыр. Егер ресми түрде психикалық сырқат деп танылса, балалардың қамқорлыққа алынуы не балалар үйіне жіберілу қаупі бар.

Құралайдың сөзінше, 2021 жылы ата-анасы ажырасқаннан кейін бес бала да анасымен бірге тұрған. Алдағы тағдырлары қазір белгісіз.

«Бүкіл жағдайға бауырлар арасындағы мүлікке талас себеп болды. Біз қазір «Аяла» орталығында тұрып жатырмыз. Халықтан көмек сұраймыз», – дейді Құралай.

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…