Categories Жайық news

Медицинадағы парақорлық – өмір мен өлім арасындағы сауда ма?

Қазақстан медицинасының ең ауыр дерті – парақорлық. «Ақша бермесең, қарамайды» деген сөз халық арасында босқа айтылып жүрген жоқ. Қарапайым азамат мемлекеттік емханаға барса да, жекеменшік клиникаға жүгінсе де бейресми төлемсіз сапалы қызметке қол жеткізуі қиындап барады. Бұл – қауесет емес, елдің күнделікті шындығы.

Кодексте әрбір азамат тегін медициналық көмек алуға құқылы делінген. Алайда іс жүзінде талай науқас «ақшаң жоқ болса, күте бер» немесе «мұны тегін істемейді» деген жауап естиді. Бұл сәтте уақыт емес, адамның өмірі қымбат. Бірақ заң мен шындықтың арасындағы алшақтық елдің денсаулығына қауіп төндіріп тұр.

Кейбір дәрігерлер парақорлықты төмен жалақымен түсіндіруге тырысады. Бірақ ресми дерек басқа әңгіме айтады: 2024 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 550–600 мың теңге болды. Бұл — елдегі орташа айлықтан әлдеқайда жоғары. Сонда да бейресми төлемге үйренген жүйе тоқтамай тұр. Демек, мәселе тек еңбекақыда емес, тамырын тереңге жіберген «дәстүрлі жемқорлықта».

«Ақшаң болса — ем, ақшаң жоқ болса — күту»

Медицинадағы парақорлықтың себебі көп:

Науқастардың сапалы қызметті тек ақылы түрде аламын деген сенімі;

Дәрігер мен науқас арасындағы бейресми келісімдер әдетке айналуы;

Бақылаудың әлсіздігі және шағымданудың қиындығы;

Жылдам емделгісі келген халықтың өз қолымен «пара мәдениетін» қолдауы.

Бұл — тек дәрігердің емес, бүкіл қоғамның дертке айналған проблемасы.

Парақорлықты түбегейлі жою оңай емес, бірақ шараларсыз қоғам ауруды асқындырып алады:

Жалақыны әділетті арттыру, бірақ сонымен бірге бақылауды қатаң күшейту;

Науқастардың «ақша бермей-ақ ем алу құқығын» талап етуі;

Мемлекеттік емханалардағы кезекті толық электронды жүйеге көшіру;

Дәрігер еңбегін халық пен тәуелсіз бақылау органдарының бағалауы.

 

Медицинадағы парақорлық – қарапайым «бейресми төлем» емес, адамның тағдырын саудаға салу. «Ақша бермесең, арам өлесің» деген сұмдық ұғым қалыптасып барады. Бұл — қоғам үшін масқара. Денсаулық ешқашан саудаға түспеуі тиіс. Егер халық та, дәрігерлер де жемқорлыққа қарсы нақты қадам жасамаса, ертең бұл дерттің құрбаны әрқайсымыз болуымыз мүмкін.

Бердалы Ғабитұлы( Жайық тілшісі)

Ұқсас жазбалар

ҚЫТАЙ САПАРЫ: БҚО ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ ЛЯОНИН ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ ВАН СИНЬВЭЙМЕН КЕЗДЕСТІ

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев жетекшілік еткен батысқазақстандық ресми және іскерлік делегация Қытайға жұмыс сапарымен барды.…

Суд в ФРГ вынес первые приговоры по делам об оскорблении Мерца в соцсетях  

Прокуратура города Хайльбронн (федеральная земля Баден-Вюртемберг) на юго-западе Германии объявила о расследовании нескольких дел, связанных…

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысы екі күнге жабылады

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысы екі күнге жабылады. Жөндеу жұмыстарына байланысты 6-7 маусым аралығында…