Categories Жайық news

«Жеңіспен оралыңдар»: Тоқаев Олимпиадаға аттанатын спортшыларға сенім артты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтетін XXV Қысқы Олимпиада және XIV Қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама мүшелерімен кездесіп, оларға салтанатты түрде Мемлекеттік туды табыстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы алдағы доданы дүниежүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын айрықша маңызды оқиға деп атады. Оның айтуынша, бұл жаһандық бәсеке спортшылар үшін зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ болмақ.

– Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Қысқы Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшыларымыз көптеген белестен өтті. Түрлі халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, 17 алтын, 31 күміс және 21 қола медальға ие болды, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиадашыларға да ерекше сенім артатынын жеткізді. Қазіргі таңда олардың қоржынында 10 лицензия бар, алдағы уақытта бұл сан көбеюі мүмкін.

– Әрине, спортта жеңісті болжау мүмкін емес. Бірақ сіздер қатаң іріктеулерден сүрінбей өтіп, Қазақстанның олимпиадалық құрамасына мүше болдыңыздар. Осының өзі сіздердің әлеуеттеріңізді, жеңіске деген ұмтылыстарыңызды танытады. Тәуелсіздік алған уақыттан бері спортшыларымыз Қысқы Олимпиада ойындарында шеберлік танытып, бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көріне білді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде Владимир Смирнов, Людмила Прокашева, Елена Хрусталева, Денис Тен, Юлия Галышева сияқты Олимпиада жүлдегерлерінің есімдерін атап өтіп, олардың есімдері ел спортының тарихына алтын әріппен жазылғанын еске салды.

Фото: Ақорда

Ұқсас жазбалар

Доллар 1500 теңгеге жете ме? Сүлейменов соңғы нүктені қойды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының 1500 теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін жоққа шығарып,…

Депутат: Әлеуметтік желі баланың жасын оның көрген контентіне қарап анықтай алады

Мәжіліс депутаты балаларды зиянды ақпараттан қорғау үшін әлеуметтік желілердегі шектеудің жаңа әдісін ұсынды. Платформалар жасты…

Focused close-up of an NDA document on a wooden desk, highlighting contract details.

Бизнеске ескерту: Келісімшартты тіркемегендер енді 650 мың теңге айыппұл төлейді

Қазақстанда 12 наурыздан бастап еңбек шартын арнайы жүйеге тіркемеген бизнеске салынатын айыппұл мөлшері 650 мың…