Жемқорлардан қайтарылған қаржы Қызылорда ауылдарына су жеткізуге жұмсалады

Жемқорлардан қайтарылған қаржы Қызылорда ауылдарына су жеткізуге жұмсалады,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Қызылорда облысында ауылдарды сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бағытталды. Қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға жемқорлардан қайтарылған қаржы есебінен бөлінген.

Бұл сомаға Арал және Қазалы аудандарындағы 6 нысан салынады. Жобалар нәтижесінде Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарының 2 мыңға жуық тұрғыны сапалы ауызсуға қол жеткізеді.

Нысандарды пайдалануға беру биылғы жылдың соңына жоспарланып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, ауылдарға таза ауызсу жеткізу өңірдің әлеуметтік дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын едәуір жақсартпақ.

 

Ұқсас жазбалар

«55 мың теңге айыппұл» Зайсанда ауыл әкіміне бейәдеп сөзі үшін сот үкім шығарды

Зайсан аудандық соты ауыл әкіміне қатысты әкімшілік іс бойынша сот шешім шығарды. Іс материалдарына сәйкес,…

Барлығына мұғалім кінәлі, ал қалғандары періште ме?

Қазіргі мектепте қайталана беретін бір көрініс бар: сабақта шулаған оқушыға «баламның мінезі сондай» деп ақталатын…

Түркістан облысында үш ағайынды ақыл-есі кем туысын зорлағаны үшін сотталды

Түркістан облысында өз туысын қорлаған екі ағайындыға сот үкімі шықты. Оларға бірнеше бап бойынша айып…