Categories Жайық news

Жаңаөзендегі қайғылы оқиға: Өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан 10 жасар бала мерт болды

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан 10 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарға қараған түні болған. Шұғыл шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі Lifan маркалы жеңіл автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан кейін Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына барлығы он адам жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, балаға шұғыл ота жасалған. Алайда алған жарақаттарының ауырлығынан ол ауруханада көз жұмды.

Зардап шеккендердің тағы біреуі аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Төрт науқас травматология және нейрохирургия бөлімшелеріне жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Ал жағдайы жақсарған тағы төрт адам үйлеріне жіберілді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Көлік жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу) сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Aerial shot of a university campus in Ota, Nigeria, showcasing modern educational architecture.

Алматыдағы 236 мың студент: Сарапшы қаланың шамасы жетпейтінін ескертті

Алматыда студенттер саны 236 мыңнан асты. Сарапшы Жанар Жақанова бұл жағдай қаланың тұрғын үй, көлік…

Түркістан облысында жойқын жол апаты болды: үш адам тіл тартпай кетті

Түркістан облысындағы Қазығұрт – Жібек жолы тасжолында екі көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды. Тағы…

Нұрай Серікбай ісі: Тоқаевтың сынынан кейін Шымкенттің бас полицейі қызметінен босатылды

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты шулы істен кейін Президенттің тапсырмасымен Шымкент ПД бастығы Нұрлан Алмасбеков қызметінен…