Categories Жайық news

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: тағдыры шешілетін күн белгілі болды

Кәсіпқой бокстан IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты тәртіптік тыңдау өтетін күн белгіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының басшысы Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, тыңдау 2026 жылдың 19 қаңтарына жоспарланған.

«Істі қарау қолданыстағы барлық регламентке, процессуалдық әділеттілікке, кінәсіздік презумпциясы қағидаттарына және халықаралық допингке қарсы стандарттарға сәйкес қатаң түрде өтеді», — делінген федерация хабарламасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) — орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі. Ол соңғы жекпе-жегін биыл қазан айында өткізіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Фото: Тұрар Қазанғапов/ Vesti.kz

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…