Украина президенті Владимир Зеленский Ресей дрондарының Польша әуе кеңістігін бұзғанына қатысты халықаралық серіктестердің әрекетін жеткіліксіз деп атады. Бұл туралы ол өзінің кешкі үндеуінде мәлімдеді.
> «Украина Польшаға қарсы іс-қимыл жасау үшін қажетті көмекті ұсынды. Егер ондаған дрон ұшып кірсе, жүздеген болмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды. Тек біріккен еуропалық күштер ғана нақты қорғаныс бере алады. Біз технологиямен де, экипаждарды оқытумен де, барлау деректерімен де көмектесуге дайынбыз. Өкінішке қарай, қазіргі уақытқа дейін Ресейдің әрекетіне әлемдік лидерлер қатаң жауап берген жоқ — әрекетпен жауап берген жоқ», – деді ол.
Зеленскийдің сөзінше, Ресейдің дрондық шабуылдары тек Польшаға ғана емес, бүкіл Еуропа қауіпсіздігіне төнген сын-қатер болып табылады.