Categories Жайық news

«Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – тұрақты қоғамның негізі»

Орал қаласында «Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында семинар-тренинг және тимбилдинг өтті.

Іс-шара Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп, қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалы өкілдері қатысып, өздерінің сараптамалық ұсынымдарын ортаға салды.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрестің заманауи тәсілдері, мемлекеттік қызметтегі ашықтық, жастар арасында құқықтық мәдениетті дамыту секілді маңызды тақырыптарды талқылап, тәжірибе алмасты.

Мұндай іс-шаралар – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мемлекеттік басым бағыт ретінде жүзеге асыру тапсырмасының нақты қадамы.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…