Categories Жайық news

Зачаганскідегі оқиғаға полиция түсініктеме берді

Орал қаласында мессенджерлер арқылы Зачаганск шағын ауданында мектеп оқушысына шабуыл жасалғаны туралы хабарламалар тарап жатыр. Көпшілікке таратылған дауыс жазбаларында бейтаныс ер адамның жас қызға шабуыл жасап, зорлық көрсеткені айтылған. Деректердің кейбірінде жәбірленушінің жасы 10-да, енді бірінде 15-те деп көрсетілген.

Дауыстық хабарламаларда оқиға 29 қыркүйек күні кешке, қыз бала мектептен қайтып келе жатқан сәтте болғаны айтылады. Белгісіз адамдар оны қылқындыруға тырысып, орманға тастап кеткен-мыс. Жәбірленуші тірі қалып, туыстарына хабарласқан деген мәлімет те бар.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл іс бойынша толық мәлімет бермеді, бірақ кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар тұлғаны ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — деп мәлімдеді БҚО ПД бастығының орынбасары Ұланбек Абылқайыр.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде тарап жатқан расталмаған деректерге сенбеуге және ресми ақпарат көздерін пайдалануға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Colorful produce aisle in a supermarket showcasing fresh apples with discount signage.

Алматы әкімдігі: ҚҚС көтерілгенімен, Бағаның кенет өсуі тіркелген жоқ

Алматыда ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға дейін көтерілгенімен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасында күрт өсім байқалмады деп…

Көлік әпереміз деп алдаған: Қостанайда 34 адамды 211 миллионға сан соқтырған алаяқтар сотталды

Қостанайда 34 ауылдасын 211 млн теңгеге алдап, көлік әпереміз деп сендірген екі алаяқ ұзақ мерзімге…

Close-up of a wooden gavel on a desk, symbolizing justice and legal authority.

Оңтүстік Корея: Экс-президентті өлім жазасына кесуді талап етті

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге өлім жазасы сұралды. Ол әскери жағдай енгізіп, бүлік…