Categories Жайық news

Венесуэлада оппозиция басшысы өзін президент деп жариялады – армияға үндеу тастады

Венесуэланың сайланған президенті деп танылған оппозиция мүшесі Эдмундо Гонсалес елді басқаруға дайын екенін мәлімдеп, қарулы күштерден өз билігін мойындауды сұрады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі видеоүндеуінде айтты.

Гонсалестің айтуынша, қазіргі билік өкілі елден кеткен және енді әділ сот алдында жауап беруі керек. Оның сөзінше, 28 шілдеде өткен президенттік сайлау кезінде халық шынайы таңдау жасаған, оны Венесуэла қоғамының көпшілігі мен әлемдегі кейбір елдер мойындап отыр.

Бұл туралы Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сайлау нәтижесіне Венесуэланың ұлттық сайлау кеңесі Николас Мадуроны жеңімпаз деп жариялағанымен, АҚШ үкіметі Эдмундо Гонсалесті шынайы жеңімпаз деп таныды.

Осыған байланысты Венесуэланың Жоғарғы соты сенбі күні Мадуро қамауға алынған соң ел президентінің міндетін вице-президент Делси Родригес атқаратынын шешті.

Гонсалес неге өзін заңды президент деп есептейді?

Гонсалес халықтың еркін білдірген сайлаудың әділ өткеніне сенімді. Оның айтуынша, халықаралық қоғамдастық пен ел ішіндегі саяси қайраткерлердің басым бөлігі 28 шілдедегі дауыс беру нәтижесі оның пайдасына болғанын мойындап отыр.

Гонсалес армияны өз жағына шығаруға тырысып, әскери күштер мен мемлекеттік құрылымдарды оның билігін тануға шақырды. Саясаткер бұл әрекетті ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру үшін маңызды қадам деп есептейді.

АҚШ позициясы қандай?

АҚШ президенті Дональд Трамп Делси Родригестің Америкамен ынтымақтасуы қажет екенін ескертіп, егер ол бұл талапқа қарсы шықса, салдары болатынын айтты. Ақ үй басшысы Венесуэладағы жағдайды мұқият бақылап отыр.

Бұл мәлімдемелер өз кезегінде аймақтағы геосаяси шиеленісті күшейтіп, халықаралық қауымдастықтың Венесуэладағы билік ауысуына қатысты ұстанымын сын сағатқа салары анық.

Ұқсас жазбалар

A serene snowy road through a winter forest lined with tall trees.

Ақмола және Қостанай бағыттарындағы республикалық жолдар жабылды

Ақмола облысында және Қостанай бағытына баратын бірқатар республикалық жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды.

Серік Жұманғариннің жұбайы биржа арқылы 88 млн теңге табыс тапқан

Министр Жұманғариннің жұбайы 2024 жылы 88 млн теңгеден астам табыс тапқан. Қаражат инвестициядан түскен, жалақы…

An ornate courtroom with golden details and chandeliers in Rennes, France.

Францияда Брижит Макронға жасалған кибершабуыл ісі бойынша үкім шықты

Брижит Макронға қарсы жалған ақпарат таратқан 10 адам сотталды. Олардың біреуі нақты жаза алды.