Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша кезекті төлемдер аударылып, әр баланың шотына 130,71 АҚШ долларынан түсті. Бұл – 2025 жылдың инвестициялық табысынан бөлінген үлес, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Ұлттық банк таратқан мәліметке сәйкес, қаражат 18 жасқа дейінгі барлық баланың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) арнайы шотына есептелген.
«2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды. 2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 918 656 балаға жетті», – делінген ресми хабарламада.
Бағдарлама шарты бойынша, балалар бұл қаражатты кәмелетке толған соң білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсай алады.
Фото: Әлеуметтік желіден

