Үндістан үкіметі қазақстандықтар үшін 30 күнге дейінгі визасыз режимді қайта енгізді. Бұл жеңілдік туристік, медициналық және науқасқа күтім жасау мақсатындағы сапарларға қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Үндістан тарапы отандастарымызға 30 күнге дейін жарамды бір реттік тегін электронды визалар беруді бастады. Бұл жеңілдік туризм, емделу немесе науқас адамға еріп бару сияқты мақсаттарды көздейді.
Бұл шешім екі ел арасындағы туристік ағынды жандандырып, дипломатиялық байланысты нығайта түседі деп күтілуде. Өз кезегінде, Үндістан азаматтары да Қазақстан аумағында 14 күнге дейін визасыз жүре алады.
Фото: Әлеуметтік желіден

