Categories Жайық news

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ   

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде туризмді дамыту және 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының орындалуы туралы мәселелер қаралды. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режим арқылы қатысты.

 

Былтыр өңірге 38 мыңнан астам турист келіп, 3,6 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. 2025-2027 жылдарға жалпы құны 17 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жоспарланып, оның екеуі жүзеге асырылды. Туристік инфрақұрылымды жақсарту мақсатында облыстағы 4 теміржол вокзалы мен «Сырым» шекара бекеті жаңғыртылып жатыр. Саланың цифрлық әлеуетін арттыру үшін www.visit-uralsk.kz сайты мен 70-тен астам нысанды қамтитын интерактивті 3D картасы іске қосылды. Сонымен қатар, биыл Бөкей хандығының 225 жылдығына орай сәуір, наурыз және тамыз айларында өңірдің тарихи-мәдени тартымдылығын арттыратын ауқымды көрмелер, ғылыми конференциялар мен фестивальдер өткізу жоспарланды.

 

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында өңірде 30 іс-шараны жүзеге асыру көзделген. Үкімет отырысынан соң облыс әкімі тиісті құрылымдарға білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, ыстық тамақ сапасын қатаң бақылауды тапсырды. Сондай-ақ мектеп ішіндегі медициналық пункттерді заманауи жабдықтау және балалар үшін стоматологиялық кабинеттер ашу мәселесі басты назарға алынды.

Ұқсас жазбалар

Қарашығанақ дауы: Қазақстан мұнай алпауыттарын сотта жеңіп, миллиардтаған доллар өндіріп алмақ

Лондон соты Қарашығанақ жобасы бойынша Қазақстанның талабын ішінара қанағаттандырды. Eni, Shell сияқты алпауыттар бюджетке миллиардтаған…

Иран ультиматумды қабылдамады: АҚШ шабуыл жасаса, Израиль нысанаға айналады

Тегеран АҚШ пен Израильдің дипломатиялық ескертулерінен бас тартты. Егер АҚШ әскери шабуыл бастаса, Иран Израильді…

«Науқастанып қалды»: Жамбыл облысының бас фармацевті пара алу күдігіне ілінді

Денсаулық сақтау министрлігінің Жамбыл облысындағы департамент басшысы Айгүл Балғабаева пара алу күдігіне ілінді. Былтыр оның…