Categories Жайық news

Тұрлыхановтың ұлының жазасын жеңілдету туралы өтініші қанағаттандырылмады

Тұрлыхановтың ұлының жазасын жеңілдету туралы өтініші қанағаттандырылмады,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Алматы облысы Алатау қаласының соты 4 қыркүйекте сотталған Нұрасыл Болаттың өтінішін қарады. Ол жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға ауыстыруды сұраған еді.

Еске салсақ, 2024 жылғы 22 қазанда Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты Нұрасыл Болатқа қатысты қабылдаған шешімде бастапқыда берілген 1 жыл 5 ай 10 күн бас бостандығын шектеу жазасы пробация талаптарын бірнеше рет бұзғаны үшін орташа қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айыруға ауыстырылған болатын.

Сот құжаттарына сәйкес, ол бірнеше мәрте тыйымды бұзған:

  • 2024 жылғы 14 тамызда түнгі уақытта қоғамдық орында жүрген;
  • 11 қазанда мейрамханаға барған;
  • 12 қазанда ойын-сауық мекемесінде болған.

Сотталған азаматқа бұл шектеулер алдын ала түсіндірілгенімен, талаптарды сақтамағаны дәлелденді.

Осыған байланысты судья Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдету туралы өтінішін қабылдамай, қаулыны өзгеріссіз қалдырды.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…