Categories Жайық news

Трамп пен Иран Анкарада құпия кездесу өткізуі мүмкін: Ердоған келіссөзді бастады

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс ушығып тұрғанда, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған екі тарапты Анкарада келіссөз үстеліне отырғызу үшін делдал болуға кірісті. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ұсынысқа алдын ала келісімін берген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Түркияның беделді Hürriyet басылымы жазды. Газеттің мәліметінше, Ердоған мен Трамп телефон арқылы сөйлескен кезде Түркия басшысы Иран, АҚШ және Түркия өкілдерінің қатысуымен үшжақты кездесу өткізуді ұсынған. Басылым бұл жаңалықты «Келіңіздер, кездесейік» деген тақырыппен жариялаған.

«Түркия президенті үш елдің әскери және қауіпсіздік саласындағы сарапшыларының басын қосатын жиын өткізуді ұсынды. Режеп Тайып Ердоған Анкарада Дональд Трамп пен Иранның ықтимал өкілі Масуд Пезешкианды қабылдауға дайын екенін жеткізді», – делінген газет материалында.

Бұл дипломатиялық қадамдардың аясында Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчидің жақын күндері Анкараға сапармен келуі мүмкін екені де айтылады.

Сарапшылар мұны соғыс қаупін сейілтуге бағытталған маңызды дипломатиялық қадам деп бағалап отыр. Бұл АҚШ пен Иранның тікелей болмаса да, бір үстел басына отыруға дайын екенін аңғартады. Келіссөз алаңы ретінде Анкараның таңдалуы кездейсоқ емес. Түркия – НАТО мүшесі бола тұра, Иранмен де, АҚШ-пен де тығыз байланыс орнатқан санаулы елдің бірі. Осылайша, Түркия өзін аймақтағы бітімгер және маңызды геосаяси ойыншы ретінде көрсеткісі келеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Бір ғана тең ойын: «Қайрат» Чемпиондар лигасынан қанша табыс тапқаны белгілі болды

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасына қатысып, 19,6 миллион еуро немесе шамамен 11,8 миллиард теңге…

Қызметінен кеткен Руслан Желдібай халыққа үндеу жасады

Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы қызметінен босатылғаннан кейін алғашқы жазбасын жариялап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Нұрай Серікбайдың видеосы неге тарап кетті? ІІМ экс-полицейге қатысты ресми мәлімдеме жасады

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха марқұм Нұрай Серікбайдың жауап берген видеосын таратқан бұрынғы полиция қызметкеріне…