Categories Жайық news

Трамп: Еуропа Гренландияны емес, Украинадағы соғысты ойлауы керек

АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында Гренландияны АҚШ-қа қосып алу талпынысына қарсылық танытқан Еуропа көшбасшыларын тағы да сынға алды. Ол Еуропа елдері бұл мәселеге араласпай, Украинадағы соғысқа назар аударуы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Трамптың сөзінше, Гренландия аралы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қорғау үшін стратегиялық маңызға ие. Осыған байланысты ол еуропалық саясаткерлердің бұл бастамаға тосқауыл қоюын орынсыз деп санайды.

«Еуропа Ресейдің Украинамен соғысына назар аударуы керек, өйткені, шынын айтқанда, мұның бәрі неге әкеліп соққанын көріп отырсыздар. Еуропа Гренландияға емес, осыған бас қатыруы тиіс», – деді Трамп.

Сұхбат барысында журналист АҚШ президентінен «Гренландияны күшпен басып алуыңыз мүмкін бе?» деп сұрады. Бұл сауалға Дональд Трамп нақты жауап беруден бас тартып, «Түсініктеме бермеймін» деп қысқа қайырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Рейске кіргізбеген: Air Astana жолаушыға 750 мың теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді

Қызылордалық жолаушыны рейске кіргізбеген Air Astana соттан жеңіліп, 750 мың теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді.

Жаңаөзендегі сұмдық оқиға: өрт сөндіру көлігі үйге соғылып, кішкентай қыз көз жұмды

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, тұрғын үйге аударылды. Апат салдарынан екі адам, оның…

Тереңдігі 600 метр шахтада қайғылы оқиға: Бестөбеде заңсыз алтын іздеген ер адам мерт болды

Ақмола облысындағы «Қазақалтын» шахтасына заңсыз кірген ер адам қаза тапты. Оның денесін 600 метрден астам…