Трамп: АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр,-деп жазады Жайықмедиа.кз.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның ХАМАС ұйымымен кепілге алынғандарды босату үшін «өте терең келіссөздер» жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, Америка палестиналық топтан 2023 жылғы 7 қазанда тұтқындалған барлық адамды дереу босатуды талап етіп отыр. Трамп кейбір тірі деп саналғандардың қаза тапқан болуы мүмкін екенін де айтты, бірақ нақты дерек келтірмеді.

Ресми мәлімет бойынша, Газа секторында содырлардың қолында 48 адам қалып отыр, олардың 26-сы өлген деп жарияланған. Израиль билігі Трамптың мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сурет: Орал қ. Әкімдігі Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық…