Categories Жайық news

Тоқаевтың жаңа реформасы: Вице-президент лауазымы қайта енгізіліп, Парламенттің орнын Құрылтай баса ма?

Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда елдің саяси жүйесін өзгертетін бірнеше маңызды бастама көтерілді. Олардың ішінде ең бастысы – вице-президент институтын қайта енгізу және Парламенттің жұмыс форматын өзгерту туралы ұсыныс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың пікірінше, биылғы жиынның Қызылордада өтуінің символдық мәні зор. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаевтың айтуынша, бұл оқиға Қызылорданың ел астанасы болғанына 100 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – қаланың тарихи миссиясын еске салатын маңызды сәт.

«Бұл — елдікті нығайтатын, бірлікті бекемдейтін мемлекеттік деңгейдегі кеңес», — деп атап өтті Сырлыбаев.

Ол Ұлттық құрылтайдың көнеден келе жатқан дәстүрге негізделгенін және бұған дейінгі жиындарда Республика күні, Түркістан мәртебесі, АЭС салу, ұлттық тәрбие сияқты көптеген маңызды мәселе бойынша нақты шешімдер қабылданғанын еске салды.

Биылғы Құрылтайдағы ең басты жаңалықтардың бірі – вице-президент институтын қайтару туралы ұсыныс. Саясаттанушы Данияр Әшімбаев бұл лауазымның Қазақстан тарихындағы жолын түсіндірді. 1990 жылы енгізілген бұл қызметті алғаш Сергей Терещенко атқарса, 1991 жылы Ерік Асанбаев сайланған. Алайда 1995 жылғы Конституцияда бұл институт таратылып, оның міндеттері Сенат спикері мен мемлекеттік хатшыға жүктелген еді. Әшімбаев бұл институттың қайта оралуы билік архитектурасын жаңартып, стратегиялық сабақтастықты күшейтуге бағытталғанын болжайды.

Сонымен қатар жиында Парламентті Құрылтай форматына көшіру, Халық кеңесін құру, мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін күшейту, Арал мәселесі және әлеуметтік саясаттағы түйткілдер талқыланды.

Мәжіліс депутаты Максим Рожин Құрылтайдың ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, өңірдегі инфрақұрылымдық өзгерістер, қала тазалығы мен жаңа әлеуметтік нысандардың салынуы аймақтың жүйелі дамып келе жатқанын көрсетеді.

«Бұл Құрылтай — өңірлік басқарудың жаңа сапалық деңгейге көтерілгенінің дәлелі», — деді депутат.

Осылайша, Қызылордада өткен жиын елдің алдағы саяси реформаларының бағыт-бағдарын айқындап берген маңызды оқиға ретінде тарихта қалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Damaged car after an accident on a dirt road in Welwyn Garden City, UK.

Жаңаөзендегі қайғылы оқиға: Өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан 10 жасар бала мерт болды

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Он адам ауруханаға…

Aerial shot of a university campus in Ota, Nigeria, showcasing modern educational architecture.

Алматыдағы 236 мың студент: Сарапшы қаланың шамасы жетпейтінін ескертті

Алматыда студенттер саны 236 мыңнан асты. Сарапшы Жанар Жақанова бұл жағдай қаланың тұрғын үй, көлік…

Түркістан облысында жойқын жол апаты болды: үш адам тіл тартпай кетті

Түркістан облысындағы Қазығұрт – Жібек жолы тасжолында екі көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды. Тағы…