Categories Жайық news

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысы Николай Подгузовпен кездесуінде Қазақстан экономикасына қатысты оң болжам айтылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақордада өткен кездесуде Еуразиялық даму банкінің соңғы жиырма жылдағы жұмыс нәтижесі және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Мемлекет басшысы қаржы институтын 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор жобаларды іске асырудағы негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтті.

Николай Подгузов Мемлекет басшысына ЕДБ болжамын таныстырды. Оған сәйкес, биыл еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды. Бұған инвестицияның қарқыны, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар, сондай-ақ ішкі сұраныс пен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы әсер етеді.

Банк басшысының мәліметінше, 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында банктің жалпы инвестиция көлемі 9,2 миллиард долларға жеткен. Оның ішінде Қазақстан экономикасына 5,2 миллиард доллар қаржы құйылды. Бұл көрсеткіш банктің алдыңғы 15 жылда салған инвестициясымен пара-пар.

Бұл қаржының басым бөлігі негізгі салаларға бағытталған: 2,1 миллиард доллар – өнеркәсіпті дамытуға, 1 миллиард доллар – энергетикаға, тағы 1 миллиард доллар – көлік инфрақұрылымына, ал 1,1 миллиард доллар қаржы секторына жұмсалды. Сонымен қатар, цифрландыруды дамытуға және жасанды интеллект технологиясын енгізуге айрықша мән беріліп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы институтының қызмет көрсету аймағының кеңеюі жаңа бастамаларды жүзеге асырып, өңірлік экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал ететінін жеткізді. Тараптар Қазақстан экономикасын орнықты дамыту үшін стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға уағдаласты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі…