Тоқаев Түркияның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік марапаты — «Devlet Nişanı» орденін алды. Бұл орден Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шешімімен табысталды.

Тоқаев бұл марапатты зор мәртебе санайтынын атап өтті.

«Мен отандық немесе шетелдік марапаттардан бас тартып келген едім. Алайда бүгінгі орден — ерекше мәнге ие. Бұл – қазақ-түрік ынтымақтастығының жаңа белесі, тамыры ортақ халықтардың достығы мен бауырластығын нығайта түскен тарихи оқиға. Түрік халқының бұл құрметін бүкіл қазақ халқына көрсетілген сый ретінде қабылдаймын», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанды әлемдік деңгейдегі көреген, ықпалды саясаткер деп атап өтті.

«Түркия Сіздің басшылығыңызбен халықаралық аренада беделі жоғары мемлекетке айналды. Елдің экономикалық дамуы, халықаралық ықпалы – Сіздің есіміңізбен тікелей байланысты. Түркияның жаңа алтын дәуірде биік жетістіктерге жететініне сенемін. Біз Түркияның Қазақстанның Тәуелсіздігін ең бірінші болып таныған ел екенін ешқашан ұмытпаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанның Анкарада баспасөз конференциясы өткізгені хабарланған еді.

Ұқсас жазбалар

Қытай СІМ Батыстың айыптауларына жауап қатты

Қытай СІМ Батыстың айыптауларына жауап қатты,-деп жазады Жайықмедиа.кз. Қытай сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғысқа қатысты…

НАТО Бас хатшысы Путин туралы мәлімдеме жасады

НАТО Бас хатшысы Путин туралы мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды Жайaқмедиа.кз. НАТО Бас хатшысы Ресей президенті Владимир…

Зеленский Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы жасайтынын мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапынан жасалған шабуылдарға жауап ретінде қарсы әрекеттерге баратынын мәлімдеді. Оның…