Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Ақордада өткен жиынға Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және еліміздің барлық құқық қорғау органының жетекшілері қатысты.
Кеңес барысында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғауды күшейту және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары қаралды.
Сонымен қатар, Президент кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын әзірлеген Конституциялық комиссия жұмысының қорытындысы туралы мәлімет берді.
Фото: Әлеуметтік желіден

