Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Пәкістан астанасы Исламабадқа келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Қазақстан Президентін Исламабад әуежайынан Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф арнайы күтіп алды.
Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне Құрмет қарауылы сап түзеп, оған қоса зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды. Бұл – ресми сапардың жоғары деңгейде өтіп жатқанын білдіретін рәсім.
Сондай-ақ әуежайда Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік туларын ұстаған жергілікті балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті.
Ақорданың хабарлауынша, сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтеді. Онда екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Фото: Ақорда

