Categories Жайық news

The Washington Post: АҚШ-тың бұл әрекеті әскери қылмысқа жатуы мүмкін

The Washington Post басылымы АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Тынық мұхитында есірткі тасыды деген күдікпен кемеге шабуылдау үшін азаматтық ұшақ кейпіндегі әскери техниканы пайдаланғанын хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Басылымның дереккөздерінің ақпараты бойынша, ұшақтың сыртында ешқандай қару болмаған, яғни зымырандар қанатының астында емес, фюзеляждың ішінде жасырылған. Ол әскери ұшақ ретінде радиосигналдар таратқанымен, кемедегі адамдарда мұндай сигналды қабылдайтын жабдық болмаса, оның әскери техника екенін білуі мүмкін емес еді.

Сол соққы салдарынан 11 адам қаза тапқан. Олардың екеуі алғашқы шабуылдан аман қалып, кейін суда кеме сынықтарына жармасып жатқанда екінші соққыдан мерт болған. Жалпы АҚШ осындай 30-дан астам шабуыл жасап, нәтижесінде 100-ге жуық адам көз жұмған.

Бұл оқиға Пентагонда әскери ұшақтың мәртебесін жасыру халықаралық құқықты бұзу болып санала ма деген қызу пікірталас тудырған.

«Мұндай жасырынуды өзін-өзі қорғау үшін қолдану әскери қылмыс болып саналмайды, бірақ шабуыл жасау үшін пайдалану – заң бұзушылық», – деп келтіреді басылым Пентагонмен жұмыс істеген бұрынғы әскери заңгердің сөзін.

Ақ үй бұл жарияланымға қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

Ұқсас жазбалар

Aerial shot of an oil tanker cruising through the ocean, emphasizing maritime transport.

ҚМГ растады: Қазақ мұнайын таситын танкерге дронмен шабуыл жасалды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Каспий құбыр консорциумының терминалы маңында қазақстандық мұнай таситын танкерге дрон шабуылы жасалғанын…

Қазақстанда газ тапшылығы болмай ма? Тоқаев «QazaqGaz» басшысына маңызды міндет жүктеді

Президент Тоқаев «QazaqGaz» басшысы Әлібек Жамауовты қабылдады. Кездесуде Астананы газдандыру, жаңа кен орындарын игеру мәселелері…

АҚШ Иранға соққы беруге дайындалып жатыр: Сарапшылар жақын арада соғыс басталатынын болжады

Америкалық сарапшылар АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операция бастауға дайындалып жатқанын хабарлады. Соққы бір апта ішінде…