АҚШ Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты аймаққа қосымша мың сарбаз жібермек, ал жалпы арнайы жасақ саны 4,5 мыңға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Fox News телеарнасының дерегінше, Пентагон бұл қадамға Иран тарапынан төнетін ықтимал қауіпке жауап ретінде барып отыр. Америкалық қорғаныс ведомствосы ресми Тегеранның стратегиялық маңызы бар Харк аралын басып алуды жоспарлауы мүмкін деп қауіптенеді.
Фото: Әлеуметтік желіден

