Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәнерлеп сырғанаудан тарихи нәтиже көрсеткен Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушылар штабын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен ел спортын дамытуға сіңірген еңбегі және мәнерлеп сырғанаудағы айрықша жетістіктері үшін Михаил Шайдоров ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Спортшының жеңіске жетуіне зор үлес қосқан оның бапкері әрі кеңесшісі Алексей Урмановқа ІІ дәрежелі «Достық» ордені табысталды. Сондай-ақ, жаттықтырушы Станислав Шайдоров та «Құрмет» орденінің иегері атанды.
Бұдан бөлек, «Құрмет» орденімен Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әсем Қасанова және Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы да марапатталды.
Фото: Әлеуметтік желіден

