Categories Жайық news

«Мені де, бастықтарымды да жазықсыз жұмыстан шығарды»: Нұрай ісі бойынша қуылған полицей мән-жайды айтып берді

«Нұрайды ұрлау» ісіне қатысты қоғамдық резонанстан кейін жұмыстан босатылған полиция қызметкері Әбілғазы өзіне әділетсіздік жасалғанын айтып, оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жұмыстан қуылған полиция офицері бұл туралы заңгер Айгүл Орынбекке берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, Нұрайды алып қашқан күні ол шақырту бойынша Шерханның үйіне барған. Ол жерде қызды жігіттің туыстары күтіп алып, тойға қызу дайындық жүріп жатқан.

«Мен қыз бен жігітті АІІБ-ге (аудандық ішкі істер бөлімі) жеткіздім. Сол жерде екеуін бірге және жеке-жеке сұрадым. Екеуі де қыздың өз еркімен келгенін растады. Кейінірек ол мұны мен жазып алған видеода да растады», — дейді ол.

Видеожазбада Нұрайдың 4 қазан күні сағат 21:00-де үш айдай араласқан Шерхан есімді жігітімен бірге Алматыдан Шымкентке өз еркімен шыққаны айтылған.

Полицей бұл видеоны Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жариялауды ұсынғанын, алайда олар еш себепсіз бас тартқанын алға тартады.

Ол ішкі істер органдарында тоғыз жыл қызмет еткенін, бірақ қоғамдық резонансқа байланысты ІІМ бұйрығымен өзімен бірге бірнеше басшысының жұмыстан шығарылғанын жеткізді.

«Маған әділетсіздік жасалды, мені қоқыс сияқты лақтырып жіберді», — дейді жұмыстан қуылған офицер.

Сондай-ақ жұмыстан шығарылғаны туралы хабарды естіген полицейдің анасы ауыр қайғыны көтере алмай, көз жұмғаны айтылады.

Сұхбат соңында Әбілғазы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, әділ шешім қабылдануына ықпал етуін сұрады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…