Categories Қоғам

Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды жиын өтті. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық етті.

Жиынға еліміздің белгілі қаламгерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. Атап айтқанда, талқылауға Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым және Анар Фазылжан қатысып, жаңа Конституция жобасының тұжырымдамалық негіздері мен оның қоғамдық маңызы жөнінде өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесудің басты мақсаты – ел тағдырын айқындайтын маңызды құқықтық құжатқа қатысты шығармашылық зиялы қауымның ұстанымын жүйелеп, қоғам назарына ұсыну, сондай-ақ жаңа Конституция жобасын жалпыұлттық талқылауға белсенді түрде тарту болды.

Талқылау барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары, жаңа Конституция жобасында қоғам, мәдениет пен шығармашылық саласына қатысты көзделген нормалар, азаматтық институттардың орны мен жауапкершілігі төңірегінде мазмұнды пікір алмасу өтті.

Қатысушылар құқықтық реформалардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сөз және шығармашылық еркіндігін институционалдық тұрғыда нығайту қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар, шығармашылық қауым өкілдері жаңа Конституцияның тек құқықтық құжат қана емес, қоғамдық сананы жаңғыртатын, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыратын рухани негіз болуы тиіс екенін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен ұсынылған реформаларға қатысты қатысушылар тарапынан жалпы қолдау білдірілді.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

Ұқсас жазбалар

Сарбаз қызмет барысында кемінде 5 кітап оқуы тиіс: Қазақстан Қарулы Күштерінде Кітап күні атап өтілуде

Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа талап енгізілді: мерзімді қызмет кезеңінде әрбір әскери қызметші кемінде бес кітап…

Петропавлда тұңғыш рет омыртқа жарығына ота жасалды: бұрын тек шетелге жіберетін

Петропавлда алғаш рет омыртқа аралық жарыққа ота жасалды. Бұрын мұндай операциялар тек Астанада немесе шетелде…

Қызылордалық оқушы Мәскеуде химиядан алтын алды: Менделеев олимпиадасында топ жарды

Қызылордалық оқушы Мәскеудегі Менделеев олимпиадасында химиядан алтын медаль жеңіп, ел намысын қорғады.