Categories Жайық news

2030 жылға дейін Еуропада 200 мың банкир жұмыстан кетуі мүмкін: себеп неде?

Ресми мәліметтерге сүйенсек, алдағы жылдары Еуропадағы банк секторында ауқымды кадрлық қысқарту жүруі ықтимал. Сарапшылардың айтуынша, 2030 жылға қарай 200 мыңға жуық банк қызметкері жұмысынан айрылуы мүмкін.

Бұл үрдіске жасанды интеллектіні жаппай ендіру себеп болып отыр. Бүгінде Еуропаның 35 ірі банкі қызметкерлерінің шамамен 10 пайызын қысқартуға дайындалып жатыр.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасанды интеллект операциялық процестерді автоматтандырып, адам еңбегін қажет етпейтін деңгейге жетуде. Әсіресе клиентпен жұмыс істеу, несие беру немесе операциялық бөлімдерде көптеген функцияларды алгоритмдер атқара бастады.

Мұндай өзгеріс банктерді тиімді етуге көмектесе алғанымен, ондаған мың адам еңбек нарығында жаңа орын іздеуге мәжбүр болады.

Банк қызметкерлерін қысқарту кімдерге әсер етеді?

Аналитиктердің айтуынша, қысқартулар ең алдымен кеңсе жұмыскерлері мен әкімшілік персоналға әсер етеді. Бұған қоса, call-орталықтағы қызметкерлер, несие мамандары мен есеп бөлімінің қызметкерлері де тәуекел аймағында.

Болжам бойынша, ЖИ енгізу алдымен Батыс Еуропа елдеріндегі қаржы мекемелерінде қарқын алады. Алайда бұл үдеріс біртіндеп Шығыс Еуропа нарығына да жетуі мүмкін, бұл аймақтағы қызметкерлер үшін де қауіп төнуі ықтимал.

Қазақстан үшін де бұл жаңалық маңызды, себебі еліміздегі банктер көп жағдайда Еуропа тәжірибесіне сүйеніп, технологиялық жаңалықтарды қабылдайды. Сондықтан бұл үрдістің ұзақ мерзімді әсері біздің қаржы секторы үшін де өзекті болмақ.

Ұқсас жазбалар

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді  

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл…

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті: арнайы дабыл қосулы болған

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кезінде арнайы дабыл шамдары қосулы болған.…