Categories Қоғам

«Жасалғаны қытай, жапсырмасы қазақ»: Айгүл Орынбек заңсыз схемаларды әшкереледі (ВИДЕО)

Белгілі қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек елдегі салық саясаты мен Ұлттық компаниялардағы заңсыз схемаларға байланысты кезекті рет мәселе көтерді,деп хабарлайды Todayinfo. 

Ол әлеуметтік желіде ашық үндеу жариялап, халыққа салықты міндеттеп, ал мемлекет қаражатының миллиардтап ұрлануына көз жұму әділетсіз екенін атап өтті.

«Халықтың битін сығып салық төлетіп жатсыңдар! Ал Ұлттық компаниялар арқылы мемлекеттен миллиардтап ұрланып жатыр!», – деп жазды Айгүл Орынбек.

                           Дәурен Ерғарин мырзаға – тікелей сұрақ

Айгүл Орынбек өзінің үндеуінде қазіргі уақытта жауапты қызметте отырған Дәурен Ерғарин мырзаға тікелей сұрақ қойып, құзырлы органдардың нақты әрі заңды әрекеттерін талап етті:

«Құзырлы органдар қашан әділетті және заңды жұмыс істейді?» – деді ол.

Президент әкімшілігіне үндеу: Дәдебай мырза, ел Президентіне жеткізіңіз!

Белсенді өз үндеуін Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай мырзаға да бағыттап, еліміздегі жымқыру схемалары туралы Мемлекет басшысына нақты мәлімет берілуі тиіс екенін айтты.

«Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай мырза! Еліміздің Президентіне мына миллиардтаған жымқырулар схемасын баяндауыңызды сұраймын!» – деп жазды ол.

                                                Халық сенімі мен әділет талап етіледі

Орынбектің бұл жазбасы әлеуметтік желіде кең тарап, қоғамда қызу талқылануда. Көпшілік елдегі салық жүйесі мен бюджеттік бақылаудың әділетсіздігіне алаңдаулы. Қоғам белсенділері Ұлттық компаниялардағы қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз етуді талап етеді. Заңгер отандық өнім деген сылтау арқылы бюджет ақшасы ұрланып жатқанын жайып салды. Айгүлдің айтуынша, аппаратты Қытайдан алып, сыртына Қазақстанда жасалған деген жалған жапсырмаларды қою арқылы мемлекеттің қарадатын тонап жаатыр.

Ұқсас жазбалар

Өзбекстандық төреші әлем чемпионатындағы ең төмен бағаны алды

Өзбекстандық төреші Ильгиз Танташев Франция-Парагвай матчындағы төрелігі үшін L'Équipe басылымынан 10 балдың 1-ін алып, әлем…

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және…

АҚШ-та 2040 жылға қарай автокөліктерге сұраныс төмендейді

АҚШ-тағы автокөлік нарығы бес жылдан кейін екі миллион көлікке қысқаруы мүмкін. Сарапшылардың дерегінше, 2040 жылға…