Ақжайық ауданында «Заң мен тәртіп» аясында тұрғындармен құқықтық қабылдау өтті

Батыс Қазақстан облысының прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы Ақжайық ауданына барып, «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша азаматтарды жеке қабылдау шарасын өткізді. Бұл жиын тұрғындардың өтініштерін тыңдап, олардың құқықтық мәселелерін жедел шешуге бағытталды.

Кездесуге құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы құрылымдардың басшылары қатысты. Тұрғындар көтерген сауалдар жан-жақты қаралып, әр мәселеге заңға сәйкес түсініктемелер берілді. Қажетті жағдайларда жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктелді.

Қоғамдық қабылдау барысында азаматтар тәжірибелі адвокаттар, кәсіби заңгерлер, нотариустар мен сот орындаушыларының тегін кеңестерін алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кеңестер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерін тиімді шешуге ықпал етті.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің айрығы маусым айының соңына дейін жабылады

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығы 17-30 маусым аралығында жол жұмыстарына байланысты…

Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды

ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды.

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, ол жарлықтың орындалу…