Categories Жайық news

Азия даму банкі Қазақстанның ірі жобаларын қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масацугу Асакавамен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақордада өткен кездесуде Тоқаев АДБ-ның алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол 30 жылдан астам уақыт ішінде банктің Қазақстанда жалпы құны 7 миллиард доллардан асатын 170-тен астам жобаны қолдағанын еске салды. Бұл қаражат ел экономикасының өсіміне, инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикадағы маңызды секторларда ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл бастамалар елдің орнықты дамуын қамтамасыз етіп, құрылымдық реформаларды жеделдетуге бағытталған.

Масацугу Асакава өз кезегінде банктің Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

«Азия даму банкі Қазақстанмен ынтымақтастық аясын кеңейтуді басым бағыт санайды. Біз тұрғын үй құрылысы, төтенше жағдайларды басқару және басқа да маңызды стратегиялық жобаларды қаржыландыруға дайынбыз», – деді АДБ басшысы.

Сонымен қатар, банк президенті Қазақстанның цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізудегі жетістіктерін жоғары бағалады. Ол аса маңызды минералдар секторын дамытуда және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда зор әлеует барын жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі…