Categories Жайық news

Таяу Шығыстағы жағдай ушықты: ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне және Иранға қатысты соңғы оқиғаларға байланысты ресми үндеу жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ведомство соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындарға, оның ішінде балаларға және Иран Ислам Республикасының жоғары басшылық өкілдеріне байланысты Иран халқына көңіл айтты.

«Соғысқа қатысы жоқ араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға өкініш білдіреміз. Қазақстан бұл елдермен достық пен жан-жақты ынтымақтастықты дамытып келеді. Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманың негізін қалаушылардың бірі екені және қарулы қақтығыстар кезінде адамгершілікті сақтаудың маңыздылығын әрдайым қолдайтыны атап өтілді.

«Біз халықаралық даулар мен қақтығыстарды халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының нормаларын мүлтіксіз сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі туралы қағидатты ұстанымымыздың өзгермейтінін растаймыз», – деп хабарлады ведомство.

Сыртқы істер министрлігі барлық тарапты аймақтағы зорлық-зомбылықтың одан әрі өршуіне жол бермеу үшін барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі…