Categories Жайық news

Оралда бизнес қолдауымен жаңа аллея ашылды

Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту бағытында тағы бір маңызды нысан пайдалануға берілді. Сарайшық көшесі бойындағы 55-үйдің жанында жаңадан салынған аллея тұрғындардың еркін демалып, бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасайтын жаңа қоғамдық кеңістікке айналды. Бұл жұмыс – жеке сектордың әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, қала өміріне үлес қосуының айқын дәлелі.

Аллея қала әкімдігі мен «BATYS ALLIANCE» ЖШС арасында жасалған меморандум шеңберінде компанияның жеке қаражатына жүзеге асырылды. Жобаға шамамен 20 млн теңге бөлініп, қысқа мерзім ішінде аумақ толықтай абаттандырылды.

Ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Мұрат Байменов бизнестің қоғамға бағытталған мұндай бастамалары қала үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсету қазіргі урбанистік даму процесінің өзегіне айналып келеді және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға зор ықпал етеді.

Жаңа аллеяда тұрғындар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Нысан құрамына:

Workout алаңы (91 ш.м);

Балалар ойын кешені (114 ш.м, 8 түрлі ойын құрылғылары);

6 дана көше жаттығу тренажері;

20 жарық шамы, жайлы 12 орындық және 6 қоқыс жәшігі;

86 ш.м аумақты қамтитын гүлзар және отырғызылған 16 арша ағашы;

Тұрғындарға арналған 482 ш.м автотұрақ кіреді.

Аллеяны жарықтандыру жұмыстарына «West NRG» ЖШС демеушілік жасап, кешкі уақытта қауіпсіз әрі жарық орта қалыптастырды.

Жаңа нысанның ашылуына келген тұрғындар компанияға және қала басшылығына алғыстарын білдіріп, мұндай жобалардың тұрғындар өміріне серпін беретінін айтты. Әсіресе балалар үшін салынған ойын алаңы алғашқы күннен-ақ көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Қоғамдық кеңістіктің ашылуы – қаланың дамуына бизнес тарапынан берілген қолдаудың нақты көрінісі. Бұл ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын тауып, қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жаңа жобаларға жол ашары сөзсіз.

Сурет: Pixabay.com

Ұқсас жазбалар

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі…