Categories Жайық news

Жалаңаш фото жіберген: Қазақстанда бала саудагерлеріне қатысты сот үкімі шықты

Қазақстанда бала саудасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары кәмелетке толмаған балаларды шетелдіктерге сатпақ болғаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталғандар Израиль азаматымен алдын ала сөз байласып, адам саудасымен айналысқан. Қазақстан азаматы Қырғызстан азаматынан ақшалай сыйақы мен түрлі мүлікке үш баланы сатып алғаны анықталды.

Кейін олар белгісіз бір діни рәсімді орындауды сылтауратып, балалардың денесін жалаңаштап, суретке түсірген. Бұл фотосуреттерді олар шетелдегі сыбайласына жіберіп отырған.

Сонымен қатар айыпталушылардың тағы екі баланы толық қамқорлығына алғаны белгілі болды. Тергеушілер олардың да осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бұл іспен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып, қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Тергеу әлі жалғасуда.

Биыл 12 наурызда сот өз үкімін шығарды. Қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылған қазақстандық 12 жылға, ал Қырғызстан азаматы 11 жылға сотталды. Сондай-ақ сот шешімімен олардың мүлкі тәркіленді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…