Categories Көңіл ашар

«Дұғада болыңдар!»: Қайсар Қамза Вьетнамда екенін айтып, қамау жайлы өтірік деді

Блогер Қайсар Қамза өзінің қамауға алынғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Ол қазір Вьетнамда екенін және ешқандай қамау болмағанын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне арнап видео жазды. Онда ол: «Дұғада болыңыздар! Ешқайда қамалған жоқпын, Вьетнамда демаламын. Өтірік ақпарат таратпаңыздар», – деді.

«Менің қауіпсіздігім үшін уайымдамаңыздар. Барлығы жақсы, жай ғана демалыстамын», – деп қосты Қайсар Қамза.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде блогердің Вьетнамда қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда Қайсардың өзі бұл хабардың шындыққа жанаспайтынын айтып, жанкүйерлерін сабырға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды

10-12 шілде аралығында Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Басты қонақ –…

Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі проза жанрына арналған «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады.

Жозимардың қақпасы сыр бермеді: Испания-Кабо-Верде матчы тең аяқталды

Кеше дүниежүзілік доп додасының тағы төрт ойыны өтті. Испания мен Кабо-Верде, Сауд Арабиясы мен Уругвай,…